Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың өмірін ұзартуға тапсырма берді
Бүгін президент еліміздегі алғашқы роботтық хириургия орталығында болып заманауи нысанның жұмысымен танысты. Өскеменеге іссапарымен барған Нұрсұлтан Назарбаев Аягөз, Зырян аудандараның инсульт орталықтарының ұжымдарымен де телекөпір арқылы тілдесті.
28.06.2018
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:
-Қазақстан бойынша адамның шетінеуінің ең жоғарғы көрсеткіші ол қан тамырларының жүректің аурулары болатын. Қазір барлық облыстық орталықтарында жүрекке операция жасайтын жағдайға жеткіздік. Бала туу мәселесі ананың баланың шетінеуі көп болатын. Оны да төмендеттік. Сондықтан елдің денсаулығын нығайтып өмірін ұзарта беріңдер.
Жас дәрігерлерге тапсырма берген соң, президент Шығыстағы бекіре өсірумен айналысатын фермаға аттанды. Мұнда бағалы балықты өсірудің тың әдістері қолданылады екен. Алдағы уақытта мұнда жылына 45 тонна бекіре мен 4 тонна қара уылдырық өндіретін жоспарлары бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!