{metadescription}
Жылжымалы медициналық көлік балалар үйін аралауды бастады
Жылжымалы медициналық көлік балалар үйін аралауды бастады

Жылжымалы медициналық көлік балалар үйін аралауды бастады

 

Дені саудың - жаны сау! Жылжымалы медициналық көлік еліміздегі балалар үйін аралауды бастады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер білікті дәрігерлердің тексеруінен өтіп, ауруы асқынғандар тегін ем қабылдауға жолдамалар алып жатыр. Игі бастамаға  «Асар Береке» мен «Дегдар» қоры мұрындық болған.

Стоматолог, офтальмолог, терапевт, хирург, кардиолог және т.б білікті дәрігерлер тобы таңнан бері бүлдіршіндердің денсаулықтарын тексеріп жатыр. Ата-ана қарауынсыз қалған жетім балаларға тиісті көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық көлік заманауи қондырғылармен жабдықталған. Ақ халаттылар дер кезінде қаралмай, ауруы асқынған бірқатар балаларға тегін ем қабылдайтын жолдамалар да берді.

Тұрсынгүл БОТАБЕКОВА ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас офтальмологы:

- Бүгін көрген науқастар, балалар тұқым қуалаған аурулар. Әр поликлиникада портал бар. Сол порталға жеткізу үшін, қайда апару керек барлығын түсіндірдік. Историяларына жазып бердік. Басшысына айттық. Сол уақытында ем жасалса, мен ойлаймын. Өмірдің сапасы, олардың көру қабілетін сақтап қалуға жағдай бар.

Сондай-ақ, психиатр-дәрігерлер мен психологтар балаларға арнайы тесттер мен тапсырмалар беріп жатты.Себебі, жастайынан мейірімге мұқтаж бүлдіршіндердің психикасын бақылау басты назарға алынған.

Тамара ӘСІМОВА психотерапевт:

- Балаладың психикасы жақсы. Жаман емес. Балалар жұрыс тәрбие алып жатыр. Балалар дұрыс оқып жатыр. Коммуникация дейді ғой. Сол дұрыс. Қазір жетімдер үйі программасы жүріп жатыр. Біз енді Қазақстан бойынша барлық жетімдер үйін тексеріп шығамыз.

Алматы облыстық №1 балалар үйі 122 баланы қамқорлығына алып, тәрбиелеп жатыр. Осындай мүмкіндікке ие болған жетімдер үйінің басшылығы игі бастаманы ұйымдастырған «Асар-Береке» және «Дегдар» қорларына және қолдау білдірген Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқын қорғау комитеті мен Қазақ-Ресей медициналық университетіне алғыс айтты.

Гүлмира ҚОНДЫБАЕВА Алматы облыстық №1 балалар үйінің директоры:

- Бізге медициналық орталықтан өту проблема тудырады.Және де ол өте көп уақыт алады. Ал, бұл жерде ең жақсысы бізге қолайлы. Жақсы профессор мен мамандар өздері келіп, балаларға көмектесіп жатқанына мың да бір алғыс білдіреміз.

Халық игілігі үшін 10 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан кешен осыған дейін шалғай ауылдарды аралап, дертіне дауа іздеген 300 мың жанға көмек қолын созған еді. Енді жол талғамайтын медициналық көліктер еліміздің түкпір-түпіріндегі 98 жетімдер үйін аралауды жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде