{metadescription}
«Зіңгіттей жігіттерден таяқ жедім»-деген ақсақалға мәжілісмен араша түсті
«Зіңгіттей жігіттерден таяқ жедім»-деген ақсақалға мәжілісмен араша түсті

«Зіңгіттей жігіттерден таяқ жедім»-деген ақсақалға мәжілісмен араша түсті

Депутаттар күзге дейін демалыста жүргенде, Астанаға әділдік іздеп келген Дүйсенбек Сазанбекұлының  арызын ешкім қарамайтын сияқты. Осыдан үш ай бұрын зіңгіттей жігіттерден жәбір...

trong>көрдім деген Түркістан облысының ақсақалы «Нұр Отаннан» көмек сұрап келген еді. Жәбірленушіні жеке қабылдаған мәжілісмен Светлана Бычкова істің ақ-қарасын анықтау үшін Бас прокуратураға сауал жібердім деп отыр.

Светлана Бычкова,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:  

- Мен оны қабылдап, барлық мәселесімен таныстым. Жауапты мекемелерге сауал да жолдадым. Бас прокуратура менің сауланамама жауап беруі керек.

Жетпістегі ақсақалдың айтуынша, наурыздың аяғында үш жігіт оны үйінен алдап әкетіп, күш көрсетіпті. Қарияны көлікке мінгізіп, қаланың сыртына апарып «тілшілерге ауылдағы проблемаларды неге айтасың?» деп қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді. Осы оқиғадан кейін полицейлер қылмыстық іс қозғап, үш күдіктіні ұстаған. Алайда, көп ұзамай оларды бостандыққа жібере салған. Ақсақал жергілікті полицейлер  өзіне күш көрсеткендерге қатысты істі әдейі созбаққа салып отыр деп шағымданады. Астанаға арнайы келген Дүйсенбек Сазанбекұлы Бас прокуратура мен «Нұр отан» партиясы депутаттарына арызын қалдырып кеткен еді. Зейнеткердің ендігі үміті Бас прокуратурада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде