{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпқой бокстың чемпиондық белдіктеріне ие болды
Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпқой бокстың чемпиондық белдіктеріне ие болды

Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпқой бокстың чемпиондық белдіктеріне ие болды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпқой бокстың чемпиондық белдіктеріне ие болды. Мемлекет басшысы WBC, WBA, IBO және IBF тұжырымындағы белдікті алу үшін ешкіммен қолғап түйістірген жоқ. Елбасыға оны кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин сыйға тартты.

Бұдан соң, президент үлкен спорттағы жарқын жетістігі үшін Головкинді бүкіл қазақ халқы мақтан тұтатынын айтты. Әрі боксшыға Сауль Альвареспен өтетін кезекті жекпе-жекте сәттілік тіледі. Реванш 15-қыркүйекте өтеді деп жоспарланған. Бұдан соң, Елбасы да қарап қалмады. Шартарапқа елдің атын шығарып жүрген Головкинді Тұңғыш президент орденімен марапаттады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Все четыре мировые боксерские организации вручили они тебе пояса. Тебе присвоено звание самого накаутирующего боксера, не имеющего ни одного поражения. Это большие достижения. Это хорошая пропаганда Казахстана в целом и нашего спорта.

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:

-Халықаралық аренада елімізді одан әрі таныту үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Егер бәрі ойдағыдай болып жатса, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарымызда бар. Халқымыз осындай айтулы оқиғаны тамашалауға әбден лайық деп есептеймін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде