ҰБТ 2018: 14 мың түлек сынақтан сүрінді
ҰБТ тәртібін бұзған талапкерлерге енді айыппұл салынуы мүмкін. Бүгін осы сынақты қорытындылаған Ұлттық тестілеу орталығындағылар бұл мәселені Ішкі істер министрлігімен бірге қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Автор: Ербол Тұрымбет
29.06.2018
Мәселен, небір құйтұрқылыққа басқан талапкерлердің кейбірі тест кітапшасының парағын жыртып алып, сыртқа алып шықпақшы болыпты. Бірақ қатаң жазаға тартылса да, ондай талапкерлер тамыз айында қайта тапсыра алады. Сонымен, биыл мектеп бітірген 147 мың түлектің 98 мыңнан астамы ҰБТ-ға қатысты. Ең жоғарғы 140 балл алған жалғыз үміткер – алматылық Шиара Құдайбергенова. Республика бойынша орташа балл 83. Барлығы 600-ден астам апелляциялық шағым түскен. Оның жартысына жуығы қанағаттандырылыпты. Ал 9 талапкер аудиториядан қуылған.
Рамазан Әлімқұлов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:
- Өкінішке орай шектеу балдан өтпегендердің саны 14633, яғни 14 пайыз. Былтырғы статистикамен салыстырған кезде шектеу балдан өткендер саны 1 пайызға өсіп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!