{metadescription}
Астанада әлемдегі жанжалдарды реттеудің жолы талқыланды
Астанада әлемдегі жанжалдарды реттеудің жолы талқыланды

Астанада әлемдегі жанжалдарды реттеудің жолы талқыланды

Астанада екі жүзге тарта  әлем сарапшылары мен жастар жер бетінде бейбітшілік орнатудың жолын іздеді. Мамандардың пікірінше, адамдар тату-тәтті өмір сүру үшін  оларды біріктіретін ортақ дүние болуы тиіс. Ол – мәдениет пен өнер дейді жиналғандар.

Әлкей Марғұланұлы, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Халықаралық офис  басшысы:

- Бірінші кезекте ол біздің еліміздің дамуы адами капиталдың сапасына байланысты.  Яғни, біз егерде адами капиталды, мәдениетті, өгнер және өркениеттің соңғы жетістіктерін сіңіре отырып тәрбиелей білсек, және оны біз нақиты біліммен сусындата алсақ ғана, біз қоғамда жаңа серпінге ие болады.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымын, оның азаматтық қоғамдағы  рөлі талқыланды. Және жастардың  өнер мен мәдениеттегі орны жайлы пікірлер айтылды. Жалпы,  бейбітшілік, бітімгершілік жайлы айтқанда алдымен Астана еске түседі. Мәселен, соңғы бір жылда  Елордадамызда  соғыс болып жатқан Сирия мәселесі шешілуде. Нәтижесі де жаман емес.  Сондықтан да  ұйымдасытрушылар халықаралық конференцияны  «Астана:  келісім және бейбітшілік орталығы» деп атапты. Тақырыпқа сай түрлі шиеленістерді шешуге бағытталған баяндамалар да жасалды. Екі күндік конференция барысында біздің шенеуніктер ұлттар арасындағы  келісімді сақтаудың құпиясымен бөліседі. Ресей, Жапония, Үндістан мен Қытай да өз тәжірибелерін  ортаға салады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде