Футболдан әлем чемпионаты шиеленісе түсті
Ала доп аламанында асығы алшысынан түсіп, жер-жаһанды аң-таң күйге түсірген Ресейдің келесі қарсыласы кім екенін белгілі болды. Ширек финалда орыс ойыншылары Хорватия құрамасымен кездеседі. Екеуі де испаниялықтар мен даттарды пенальтиден ұтқанын ескерсек, ол ойынның тамырын қазір басып, кім ұтатын дөп басып айту қиын.Биылғы әлем чемпионаты тосын сыйға толы.
Автор: Асқарбек Қазанғап
02.07.2018
Бәйге басында мықты деген жүйріктер бірінің артынан бірі сүрініп жатыр. 2014 жылдың чемпионы «машина» аталған «Германия» құрамасын Оңтүстік Корея тоқтатса, соңғы чемпионаттың күміс жүлдегері Аргентина да Франциядан ойсырай ұтылып ауылына қайтты. Осылайша, 1 де 4 финалда Уругвай мен Франция кездеседі. Бүгін-ертең ширек финалға жолдама алатын тағы төрт құрама белгілі болады. Бразилия-Мексика, Бельгия-Жапония, Швеция-Швейцария мен Колумбия-Англия секілді кіл мықтыда кімнің мықты екенін көп өтпей білеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!