{metadescription}
Мексиканың жаңа президенті халыққа иіліп тағзым етті
Мексиканың жаңа президенті халыққа иіліп тағзым етті

Мексиканың жаңа президенті халыққа иіліп тағзым етті

Мехико мэрінен президентке айналды! 12 жылдан бері сайлауға түсіп жолы болмаған Мануэль Обрадор ақыры Мексика президенті атанды. Билік басына келуді осыншама ұзақ күткен кандидат қуанғанынан өз-өзін құшақтап, көпшілікке иіліп тағзым етті.  

Осылайша, Мексикадағы атышулы президент сайлауында солшылдар жеңіске жетті. Андрес Мануэль Лопес Обрадордың қарсыластары оның шаңына да ілесе алмай қалды. Солшылдар партиясы коалициясының кандидаты 52 пайыз дауыс жинаса, ал одан кейінгі үміткер 22 пайызға әрең жеткен. Қалғандардікі тіпті мардымсыз. Жаңа басшыларын АМЛО деп қысқартып атаған мексикалықтардың бұл сайлауға көңілдері толған сияқты. Ал Обрадордың қуанышы тіпті ерекше. Жеңіске жеткенін естіген кандидат өз-өзін құшақтап, сайлаушыларына иіліп, рахметін жаудырды. Айта кетейік, Мехиконың бұрынғы мэрі бірінші мәрте он екі жыл бұрын сайлауға түскен болатын. Алайда, онда жолы болмады. Биліктен үмітін үзбеген ол алты жылдан кейін де бағын сынап көрді. Бірақ, ол кезде де тақ басқаға бұйырды. Мексиканың су жаңа президенті бірінші боп АҚШ-пен арадағы жағдайды тұрақтандырмақ. Ал наркокартелмен өзара келісімге келу үшін мәмілегер ретінде Рим Папасын шақыртпақшы.       

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.