{metadescription}
+ 46: Маңғыстауда аптап ыстық тұрғындарды естен тандырып жатыр
+ 46: Маңғыстауда аптап ыстық тұрғындарды естен тандырып жатыр

+ 46: Маңғыстауда аптап ыстық тұрғындарды естен тандырып жатыр

Ақтауда аптап ыстық алқымнан алуда! Әсіресе қан қысымы жоғары, жүрек, қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарға қиын тиюде.  Қапырықта сая іздеген халық қазір су жағалап жүр. Осыған байланысты өзен-көлдерде қайғылы жағдайлар жиі орын алуда. Адамның ғана емес, жануарлардың жаны қиналуда. Мәселен құс фермасындағы кондиционерлерін қосып, үйрек-қаздарының қамын жасай алмай отыр.

Шілденің шіліңгір ыстығы Маңғыстаулықтарды әбіргерге салуда. Қазір бұл өңірде сынап бағанасы  45 градустан асқан. Күн ысығалы ауруханаға түскендердің де саны күрт өскен. Әсіресе қалалық кардиология орталығындағы науқастар саны көп. Дәрігерлер тұрғындарға ыстық басылғанша, күн көзіне шықпай, сақтық шараларын ұмытпауды ескертуде.

Рахымжан Елтаев, дәрігер:

- 1 күн ішінде 3 жағдай болды. Біріншісінде, ер адам 55 жастағы суға батып кеткен. 14 жасар 2 қызға дер кезінде көмек көрсетілді. Сондықтанда шомылу кезеңі басталған кезде өте сақ болуларыңызды сұраймыз.

Адам ғана емес, жануарлар да жандарына көлеңкеден сая таппай жүр. Құс фермасындағылар үйрек-қаздарына кондиционер қосып қойған. 

Бекен Қаржыбаев, құс фермасының иесі:

- Тауық, күркетауық, қаздар ыстықты көтере алмай жатыр. Кейбір құстарға кондиценионер қондырдық. Су көп кетеді. Ыстықтың кесірінен бұлар тек іште жатады.

Ауа райын болжаушылар мұндай Маңғыстау облысы үшін мұндай аптап аномалия емес деп отыр. Мұндағы Аққұдық ауылында сынап бағанасы 46 градусқа дейін жетсе, Қызан және Жаңаөзенде 45 градус көрсетіпті.

Айгүл Төлеуғалиева,  Маңғыстау облыстық "ҚАЗГИДРОМЕТ" МКК филиалының директоры:

-2018 жылдың 30 маусымынан бастап Маңғыстау облысында кең ауқымды антициклон әсеріне байланысты күндіз 36-45 градусқа дейін өте қатты ыстық бақыланды. Аталған құбылыстар бойынша синоптиктер өте қатты ыстық болатыны туралы есертпе жіберді. Бұндай ыстық біздің облысымызға тән.

Мұндай ыстық ауа ағамы көршілес әзірбайжан елінен жеткен болуы керек. Онда 120 жылда тіркелмеген рекордық көрсеткіш екен. Ал синоптиктер аптап ыстық бір-екі күнде еліміздің басқа өңірлеріне ығысады деген болжам жасап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде