Астананы тұрғызуға атсалысқан адамдар өткенді еске алды
Сан тағдырды тоғыстырған Астана! КТК арнасы мен Тұңғыш Президент қоры ұсынған жобада бас қаланың қалыптасуына атсалысқан жандар Астананың тарихы мен болашағы жайында сыр шертеді. Олардың арасында құрылысшы, дәрігер, спортшы, теміржолшы, саясат қайраткерлері және өнер иелері бар.
Автор: Мақсат Мәлік
03.07.2018
«Астана болашақтың байтағы» мультимедиялық astana21century.kz/kz/ жобадасындағы кейіпкердің бірі Юрий Пя әлемге әйгілі кардиохирург. Кеңес Одағы құлағанда шетел асып кеткен ол, арнайы шақыртумен жаңа Астанаға қызмет ету үшін елге оралған. Тіпті, оған Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығын құру сеніп тапсырылған еді. Ал, КТК арнасы мен «Strana Media Team» стдуиясының шығармашылық ұжымы жасаған жобадағы Ахметовтар әулетінің өмір жолы кез келгеннің жүрегін селт еткізбей қоймайды. Бұл фамилияны иеленген 60-тан астам адам бүкіл ғұмырын теміржол саласына арнаған. Олардың жалпы еңбек өтілі 1200 жылдан асып кетеді. Осы әулеттің өкілі Кеңдай Ахметов те Астана құрылған сәттен бастап жас қалаға қоныс аударады. Өткен күндерді еске алған теміржолшы, болашаққа қол созған Астананың әр сәтіне куәмін дейді.
Кеңдай Ахметов, Қазақстанның құрметті теміржолшысы:
-Мен бүкіл өмірімді теміржолға, пойызға арнадым. Осы Астанаға халықтың бәрі көшкенде біз де көшіп келгенбіз. Есімде қазір, Астана-Алматы арасында әрі-бері жүрген. Қазір орнықты бәрі. Енді Астанамыз көркейіп келе жатыр. Біздің мына теміржолымыз, әуежайымыз қандай.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!