Астанада дүбірлі той қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр
Қалалық ішкі істер департаменті қазір үш жарым мыңнан астам полицей мен Ұлттық ұланның мың 200-ден астам сарбазы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкенін хабарлап отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
03.07.2018
Әрі өзге өңірлерден 600-ден астам әскери тартылыпты. Олар Елорданың 20 жылдық мерей тойын тойлау кезінде қаланы күні-түні күзетпек. Әсіресе, мерекеге орай өзге қала, облыстардан қонақтар мен шетелден туристер көптеп келіп жатқандықтан әуежай мен вокзал ерекше бақылауға алынған. Әрі адам көп жүретін жерлер мен түрлі концерттер өтетін алаңдар ерекше назарда. Ал, мейрам күндері бас қалада жүздеген шара өтеді. Олардың негізгісі 6-шілдеге жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!