{metadescription}
Оңтүстікте жерінен айрылғалы тұрған жүздеген отбасы шу шығарды
Оңтүстікте жерінен айрылғалы тұрған жүздеген отбасы шу шығарды

Оңтүстікте жерінен айрылғалы тұрған жүздеген отбасы шу шығарды

Күнгейлік шенеуніктер дихандарды жерсіз қалдырмақшы. Сайрам ауданындағы 180 гектар жерге жылдар бойы егін егіп, күнін көріп отырған жұртқа, жеріңіз мемлекетке өтеді деген хабарландыру келе бастаған. Бұл  хабар төбеден жай түскендей әсер етіпті. Диқандардың айтуынша 112 отбасына тиесілі 180 гектар жердің жанында, дөкейлерге тиесілі жүздеген гектар жер бос жатса да, билік телімдерді қарапайым егіншілерден алмақшы.

Бұл жерлерді сайрамдық егіншілер кезіндегі ұжымшардан қалған мұра ретінде мемлекеттен сатып алған. Содан бері ел картоп, пияз, алма мен жүзіміне дейін егіп күнелтіп келеді. Бірақ, осыдан екі ай бұрын жерлерің мемлекетке керек деген әкімдіктен бір жапырақ қағаз келе бастайды. Ал, күніміз не болмақ деген сұраққа ол өздеріңнің шаруаларың деп қысқа жауап қайтарып, қалай болса да жер алынады делінген.

Күлән Бейсенбиева, диқан:

- Сол жерге бау-бақша егіп, шама-шарқынша күн көреміз деген.

Бала-шағамызды бағып кәсіппен айналысқымыз келген.

Екі айдан бері мазасы қашқан жұрт сан-саққа жүгіріп, жан-жаққа арыз жазумен келеді. Бірақ, тұшымды жауап қайтарған қара болмапты.

-Дені диханшылықпен айналысатын Сайрам жұрты үшін суармалы жер алтыннан бағалы. Мәселен, мына 3 гектар жерге бір әулеттің 30 адамы қызанақ, қияр, қырыққабат пен болгар бұрышы сияқты көкөніс егіп, жан бағады. Ал, жергілікті билік бұның бәрін әп-сәтте тып-типыл етіп, қырыққабат пен қызанақ орнына қабат-қабат үй тұрғызбақшы екен.

Мырзадәулет Әбдірайымов, диқан:

-Көпқабатты  үйдің ауылға  керегі не?! Біз тауық бағуымыз керек, сиыр бағуымыз керек, мал бағуымыз керек. Бұл жерде зауыт-фабрика жоқ. Ештеңе жоқ. Күн көретініміз осы жер. Осы бау.  14 бала-шағаммен, 28 немереммен, 2 шөбереммен осымен күн көріп жатырмын. Мен бала-шағамды бағып жатырмын, елді-жұртты бағып жатырмын.

Жұрт жақын маңда бірнеше дөкейге тиесілі жүздеген гектар жер жатқанын айтады. Бірақ, әкім-қаралар тек қарапайым елдің жеріне көз алартып отырған көрінеді. Жұрт өзінен сұрау үшін егін басына әкімді шақыртқан. Бірақ, шенеуніктең, орнына келген бөлім басшысы тиісті шешім шығып, ауданның шенді-шекпенімен бекітіліп қойғанын жеткізді.

Ербол Сарыбаев, Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

 -Ол жерде бір аудан әкімі шешпейді оны. Оны комиссия шешеді. Кімге берілетіні, қалай беретінін құжаттарына сәйкес. Менің жерімді алып жатыр деген жалған сөз.

Ауданның бас комуналшысының сөзінше, 2019 жылға дейін бұл жерлер толық алынып, 6 мың пәтерлік үйлер, аурухана мен мектептер салынбақшы. Бірақ, қалай болғанда да жерімізді бермейміз деп бекінген егіншілер жаппай Елордаға шағым түсірмекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде