Петропавлда жоғалып кеткен алты жасар бала әлі табылмай жатыр
Есік алдында ойнап жүрген ұл із-түзсіз жоқ. Қазір оны тәртіп сақшыларымен бірге, еріктілер, әскерилер бар, барлығы 200-ден астам адам іздестіріп жатыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
03.07.2018
Андрей Дорошенко бұрын да екі рет жоғалған екен. Алғашында оны автобуспен кетіп бара жатқан жерінен тәртіп сақшылары түсіріп алған. Екіншісінде, ол өздерімен бірге тұрмайтын туған әкесінің үйінен табылған. Бірақ ол ары кетсе жарты күнге ғана жоғалатын дейді анасы. Кешеден бері хабар ошарсыз кеткен оны іздеуге еріктілер, жақын маңдағы мектеп оқушылары жұмылдырылды. Бүгін тәртіп сақшыларына көмекке әскерилер де қосылды. Сарбаздар көрші қолаңға сұрау салып, жақын маңдағы үйлерді аралап жүр. Әзірге нәтиже жоқ.
Анна Осипова, А.Дорошенконың анасы:
-Бұрын бұлайша ұзаққа кетпейтін. Үлкен ұлым ғой, кешелі бері жанымды қоярға жер таппай жүрмін. Барлық ауруханаларға сұрау салдым, туыстарымды араладым. Көрдім білдім деген жан жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!