{metadescription}
Белгілі профессор Мейрамбек Беспаев бастаған  әншілердің магистратурада қалай оқығандарын жасырмай жайып салды
Белгілі профессор Мейрамбек Беспаев бастаған  әншілердің магистратурада қалай оқығандарын жасырмай жайып салды

Белгілі профессор Мейрамбек Беспаев бастаған әншілердің магистратурада қалай оқығандарын жасырмай жайып салды

Грантқа әркімнің-ақ бар таласы! Еліміздегі мүйізі қарағайдай Еуразия Ұлттық университетінің профессоры магистранттарға деп бөлінетін білім гранттарының кімге кетіп жатқанын ашық айтып берді. Мырзантай Жақыптың айтуынша, жоғары оқу орнында тегін оқу мүмкіндігі талантты жастарға емес, сабаққа мүлде келмейтін жұлдыздарға үлестіріледі. Оның ішінде, атақты әнші, асаба, әйгілі тележүргізушілер де бар. Тек сахнадан ғана көрінетін студенттерге ұстаздар жоғары баға қоюға мәжбүр екен. 

Белгілі доцент Мырзантай Жақыпты жоғары оқу орындарындағы жағдай әбден мезі қылыпты. Мемлекеттік грант иегерлерін анықтауға қатысатын ұстаз бәйге шаппай жатып-ақ, жүлдегерлердің белгілі болатынын айтады.         

МЫРЗАНТАЙ ЖАҚЫП, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:

-Әр мамандыққа магистратураға бөлінген орындар бар ғой, 10 орын, 20 орын. Сонда әр бөлінген орындардың кемінде 30 пайызын сондай сырттан келген, сахнада жүрген, тойда жүрген, той-томалақта жүрген асабалар әртүрлі, арзанқол әншісымақтар деп айтар едім, сондай адамдар алып кетеді.   Осылай үздік бітірген бірнеше студентім магистратураға түсе алмай, далада қалды мысалы. Былтыр да болды, алдыңғы жылы да болды. Ол жыл сайын қайталанады. Ол биыл да солай болады!

Ал грантқа түскен студенттерін сосын оқытушылар тек сахнадан ғана көріп жүреді екен. Көбі халықтың сүйікті әншілері. Мемлекеттік есебінен «магистр» атанғандардың ішінде- Мейрамбек Беспаев, Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас та жүр. Әндерін сүйіп тыңдағанымен, ұстаздардың бұл студенттерге өкпесі «қара қазандай».

МЫРЗАНТАЙ ЖАҚЫП, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:

-Сол екі жыл сабаққа келмейді олар. Басында бір көрінеді. Олардың сабаққа келгеннің өзі бір шоу! Ойбай, пәленше сабаққа келді! Ол сабаққа келуге міндетті ғой!  Ол бір көрінді сонымен жоқ! Ол екі жылдан кейін дипломын алатын кезде бір-ақ келеді...Оқу орнына келген кезде аудиторияға келмейді. Олар тіке бастықтарға барады. Олар ректорға барады, проректорға, деканға сөйтеді де бізге тапсырма береді. Міне , екі жыл келмеген балаға баға қойып беріңдер деп. Қоймасаң, қорқытуға кіріседі. Жұмыстан шығартып жіберем дейді, ректораттан қысым жасайды.

Ал кесірі білімді жастарға тиген. Сорақысы сол, грантқа таласқан «жұлдыздар» көбеймесе, азаятын түрі жоқ екен. Тіпті, биыл да құжат қабылдау әлі басталмаса да, кімнің тегін оқитынын ұстаздарға алдын-ала айтылып қойған екен.    

МЫРЗАНТАЙ ЖАҚЫП, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:

-Қанша адамға біз обал жасап жатырмыз.  Алдын ала тізім жасап қоямыз. Мысалы 20 орын магистратураға орын бере ма, 20 орынға тізім жасап қойғанбыз. Ол біле ма ағылшын тілін, ол өте ма, өтпей ма. Оларды өткізу керек. Бәріміз білеміз ғой оларды тегіннен тегін өткізіп отырған жоқ қой! Бақылауды күшейту керек! Керек болса  тексеру керек, осыған дейін бітіргендерді.

Доценттің бұл жанайқайына Мейрамбек Беспаев жауап берді. Әлеуметтік желіге жазған әнші бұған дейін де бірнеше оқу орнын бітіргенін алға тартып, керісінше  ғалымның іштарлығын бетке басқан. Ал басқалары қандайда бір түсініктеме беруден бас тартты. Соған қарағанда, тілшілерден гөрі, той иелерімен тілдескенді жөн санаса керек. Осылайша, мемлекеттік гранттың онды-солды таратылып жатқанын жария қылған ұстаз іске құзырлы органдар араласуын қалайды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде