Екібастұзда пойызбен соқтығысқан автобус жүргізушісі рөлде ұялы телефонмен сөйлесіп отырған
Екібастұз қаласының маңында автобус пойызбен соғысты. Салдарынан үш жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алған
Автор: Жаңалық Ахаш
03.07.2018
Автобус жүргізушісі кінә өзінен екенін бірден мойындады. Оның сөзінше, Үшқұлын бекетіндегі өткелден өтерде ұялы телефонмен сөйлесіп отырыпты. Осылайша жақындап қалған пойызды байқамай қалған. Машинист те шұғыл тежегішті басқанымен жүк вагондарын тіркеген отарбасын тоқтата алмапты. Ақыры автобусты бүйірден соғып, арыққа аударып тастады. Ал көлік ішінде жергілікті мекеменің он бір жұмысшысы болған. Абырой болғанда бәрі аман. Тек жеңіл жарақат алған үш қызметкерге сол жерде көмек көрсетілген. Қазіргі таңда апатқа қатысты полицейлер тексеріс жүргізуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!