{metadescription}
​Астанада №1 периниталдық орталығында жаңа босанған тағы бір әйел қайтыс болды
​Астанада №1 периниталдық орталығында жаңа босанған тағы бір әйел қайтыс болды

​Астанада №1 периниталдық орталығында жаңа босанған тағы бір әйел қайтыс болды

Ол соңғы екі аптада осы мекемеде көз жұмып отырған үшінші әйел.

Дәрігерлердің айтуынша, тұңғышын босанбақшы болған 26 жастағы келіншек перинаталды орталыққа қан кеткен күйі келіпті. Оны кесар тілігі арқылы босандырып алған. Баласы аман-есен, ал өзін ақ халаттылар құтқара алмапты. Мұның алдында маусым айының 21-і және 25-і күндері де енді босанған екі келіншектің өмірі үзілген еді. Екеуінің де нәрестелері аман қалғанымен, ауыр жағдайда аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта осы үш жағдайға байланысты қызметтік тексеріп жүріп жатыр. Соған байланысты мекеменің босандыру бөлімінің жұмысын уақытша тоқтатқан. Ал үшінші келіншектің өліміне қатысты дәрігерлер өздеріне шаң жуытып отырған жоқ.

Ербол Әубәкіров, №1 перинаталдық орталық директорының орынбасары:

-Жүктілік кезіндегі медициналық құжаттарынан анемиямен ауыратынын білдік. Екіқабат болып жүріп, үш түрлі препаратпен емделген. Оның үстіне, 19 жасынан бастап күніне 20-30 реттен темекі шегетін болған. Қазаның басты себебі осыдан деген ойымыз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.