{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында болған жанүршігерлік апатқа қатысты алғашқы болжамдар пайда болды

Алматы облысында болған жанүршігерлік апатқа қатысты алғашқы болжамдар пайда болды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Кеген-Нарынқол тас жолында бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі көлік соқтығысып, оқиға орнында 5 адам тіл тартпай кетті.

Тағы 7 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Арасында 10 айлық бала да бар. Олар әр түрлі дене жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, апаттан қаза болғандардың төртеуі бір отбасының адамдары. Олар жедел-жәрдем келгенше жан тапсырған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасына ауа-райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Toyota Camry мен ЗАЗ -дың жүргізушілері нөсер жауында бір-бірін байқамай қалды деген болжам бар. Аман қалғандардың өмірі үшін дәрігерлер арпалысуда.

Гүлмира Мұқанова, директордың емдеу жұмыс жөніндегі орынбасары:

-Жетеуі реанимация бөліміне түсті. Облыстық клиникалық ауруханадан дәрігерлер шақырылды, консультаттар. Нейрохирург, хирург, травматолог шақырылды.  Жатқан екі науқастың жағдайы ауыр, үшеуі орташа ауырлықта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде