Еңбек министрі Шелектегі қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
Шелекте кәріз құдығында қайтыс болған екі сантехник пен бір дәрігердің өлімі бойынша республикалық комиссия тексеріс бастады. Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова қорытындысын тек он күннен кейін ғана жариялайтынын айтты.
Автор: Ербол Тұрымбет
04.07.2018
Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
-Еңбек кодексіне сәйкес, қайғылы жағдай болып, үш немесе одан да көп адам зардап шексе, онда республикалық деңгейде комиссия құрылады. Біз ол комиссияны дереу құрдық. Еңбек заңнамасы бойынша, тексеру шараларын жүргізуге он күн уақыт беріледі.
Қайғылы оқиға шілденің екісі күні Алматы облысы Шелек ауылының орталық ауруханасы аумағында болған еді. Куәгерлердің айтуынша, бастапқыда кәріз құдығын тазалауға сантехник түсіп, есінен танған. Әріптесін құтқаруға екінші жұмысшы ұмтылғанымен, екеуі де уланып қалады. Оларды құтқарғысы келген дәрігер-травматолог Данияр Мергенбаев та соның ішінде ажал құшты. Негізі техникалық талап бойынша, кәріз құдығын арнайы мамандар тазалау керек екен. Енді Еңбек министрлігінің инспекторлары мен полицейлер қайғылы оқиғаның нақты себебін анықтауы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!