{metadescription}
Елімізде салық төлемегендерге банктер қызмет көрсетпейтін болды
Елімізде салық төлемегендерге банктер қызмет көрсетпейтін болды

Елімізде салық төлемегендерге банктер қызмет көрсетпейтін болды

Яғни,  бұдан былай банк карталарын пайдаланып, қандайда да бір төлемдер жасай алмайды. Қарызды қайтарудың сан алуан тәсілін ойлап табатын салықшылар енді осы жолы ақшаның қазынаға қайтатынына сенімді.

Салық төлемей жүргендердің тізімі банктерге беріліп қойды. Есепшот ашуға келген бойда енді берешегі барлар кері қайтады. Осылайша, салықшылар мемлекеттің қарызын соңғы тиынына дейін санап алмақшы. Сондай-ақ, борышкерлерге жалақы картасы да рәсімделмейді. Әрі онлайн сауда-саттық жасауға, құнын бөліп төлеуге болатын тауар алу сияқты мүмкіндіктерден қағылмақ. Шілдеден бастап күшіне енген өзгерістер бұған да рұқсат бергізіп отыр. Бұл мемлекетке қарызы барларға нағыз тықыр таяды деген сөз. Айта кетейік, салық бойынша қарызы 50 мыңнан асқандар шекерадан да әрі аса алмайды.

Талғат Қыдырәлиев, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті басқарма бастығы:

-Зат ала алмайды дүкеннен  шот аша алмайды, не шетелге шыға алмайды. Бұл Үкімет тарапынан дұрыс деп ойлаймын. Себебі кімнің  қарызы бар, оны төлеу керек! 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.