{metadescription}
«Астана» халықаралық қаржы орталығы сот дауларын қалай шешпек?
«Астана» халықаралық қаржы орталығы сот дауларын қалай шешпек?

«Астана» халықаралық қаржы орталығы сот дауларын қалай шешпек?

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты іске кіріскен күні  бірқатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Мысалы,  шетелдік судьялар шығарған шешімді біздің заңгерлер орындай ала ма деген сұрақ тұр. Елордада отандық және халықаралық заңгерлер осы сынды бірқатар құқықтық  мәселерді талқылады.

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:

- «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының алдында үш мәселе бар. Қазақстан мен орталық Сотының  арасында келіспеушілік тууы мүмкін. Іс қай сотта қаралады? Екі жақ өзара бірлесіп жұмыс істей ала ма? Орталық АКТ-лерінің заңдылығы тексеріле ме? Осы сұрақтарды талқылаймыз.

Еліміздің Әділет министрлігінің алдында да үлкен міндет тұр. Өйткені, халықаралық қаржы орталығы Соты шығарған шешімді орындайтын осы орган. Осы орайда біздің заңгерлер  қиындықтарға тап болуы  мүмкін дейді мамандар. Тұңғыш Президент – Елбасы қоры ұйымдастырған конференцияда  «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының төрағасы Лорд Вульф бастаған бір топ халықаралық заңгер, профессор  аталған мәселелерді кеңінен талқылады.  Айта кетейік, орталық жанынан ашылған Сот инвесторлар, кәсіпкерлердің құқығын қорғайды. Яғни, экономикалық, қаржылық дауларды қарайды. Және ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейтін тәуелсіз сот болады. Бұл - Қазақстанның да сот-құқықтық жүйесінің дамуына  әсер етеді деген сенім бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде