{metadescription}
Ақмола облысында тұрғындар қоқыс полигонын жабуды талап етті
Ақмола облысында тұрғындар қоқыс полигонын жабуды талап етті

Ақмола облысында тұрғындар қоқыс полигонын жабуды талап етті

Полигон жабылсын! Қоқыс полигонының күлімсі иісіне тұншыққан Ақмола облысының тұрғындары, осылай деп байбалам салып отыр. Себебі, Көкшетаудың іргесіндегі Красный Яр кентіне тұрмыстық қалдықтар полигоны біртіндеп жақындап қалған. Қаладан шыққан кәріз құдығының лас суы да осында төгілуі тұрғындар үшін жығылған үстіне жұдырық болып отыр.

Қоқыс полигоны бүгінде мына тұрғындардың бас ауруына айналған. Көзді ашытатын иіс, солтүстіктен жел тұрса тіпті үдеп кетеді екен. Жыл басында нысан жекенің қолына өткелі осы проблема өзекті болып тұр дескендер, аумағы ауылға қарай кеңейіп келеді деп тағы алаң. Ол аздай,  арнайы көліктер Көкшетау кәріз құдықтарынан жиналған лас суды да осында төгіп жүр, - деп зар қағады.

Клара Сахариева, Красный Яр кентіні тұрғыны:

- Мына жерде дем алуға болмайды,үйден шыға алмайсың. Не терезе аша алмайсың, не есік алдына. Бәріміздің балаларымыз бар.Ол балалар не болады ертең мына сасықты иіскегеннен кейін?!

Шынымен де полигон ауылға таяп қалған. Өрістегі малымыз целлофанға қақалып, пышаққа ілекпей өліп кеткені де бар,-дейді олар.   Сасық нысанды біз де көзімізбен бір көрмекке бардық.  Сырттай тып-тыныш жатқан, қоқыс аумағының ортасына келгенімізде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Қайнаған тіршілік осында екен.

-Қоқыс полигонының қақ ортасы. Завод, болмаса ,фабрика ма дерсің. Құжынаған адамдар метал сынықтарын, пластикалық ыдыстарды іріктеп жатыр. Бұлар негізінен үй-күйі жоқтар, осындағы лашықтарда тұрып жатыр екен. Бірақ,олардың еңбегін кімдер пайдаланып жатқаны әзірге белгісіз.

Мына қаз қатар тізілген лашықтар да осы адамдар үшін. Қоқыс үйіндісі арасында үй-күйсіз қаңғырғандар  мен бірге талпақ танауларды да кездестірдік. Қоқыстағы қалдықпен адамды да, шошқаны  асырайтынға  ұқсайды. Кір қожалақ, жұлым-жұлым жандарды түсіріп жатқанымыз әрине, жұмыс жүргізіп жүрген бастықсымақтарға  ұнай қойған жоқ. Осы жердің  басшысымын деп келген адам бізден кетуімізді сұрады.

Тұрғындар жағдайды айтып әкімдікке, экологтарға шағым хат та жөнелткен. Экология басқармасы "Эко Дump" серіктестігі полигон маңына 800 түп ағаш егіп, абаттандырып қойды деп жауап беріпті. Әйтсе де, қолқаны қабар иістен саябақ құтқара алмағандай. Санитар мамандар  ауаға арнайы  сараптама жасап, адам денсаулығына зиянды заттар тапқан. Сөйтіп 48 мың теңге айыппұл салумен шектеліпті. Ал әкімдіктегілер болса, жекенің шаруасына келгенде шарасызбыз дейді.

Қанат Сабыржанов,Красный Яр селолық округі әкімінің орынбасары:

-Бұл полигон жеке меншіктікі. Сондықтан экологиялық,санитарлық нормаларды сақтауы керек. Әзірге біз тексерген жоқпыз. Бізде де шектеулер бар. Комиссия құрып, барамыз.

Әйтсе де тұрғындар полигонды жаппай тоқтамаймыз дейді.  Жергілікті биліктен күдер үзгендер, бұған республикалық құзырлы орындардың назар аударуын сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде