Алматы дәрігерлері саудагерлердің денсаулығын тексеруге кірісті
Саудагерлердің сырқатын анықтамақ! Алматының дәрігерлері емханадаға қабылдауды ысырып қойып, әйгілі Барахолкадағы еңбек мигранттарының денсаулықтарын тексеруге шықты. ВИЧ, туберкулез сынды жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында сатушыларды жаппай тексеріп жатыр. Себебі, жыл сайын көрші Қырғызстан, Өзбекстаннан нәпақасын табуға келгендерден туберкулез да табылыпты.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
04.07.2018
Ақ халаттылар таңнан бері Барахолка базарына сабылып, саудагерлерді тегін тексерілуге шақырып жүр. Ол үшін медициналық кешен мен инфекционист, невропотолог, онколог, маммолог бастаған бір топ дәрігер арнайы келген. Ал, күндіз-түні базар жағалағап, күйбең тіршілікпен жүрген жандар мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеу үшін тайлы-тұяғы қалмай ағылды.
Мейрамгүл ӨРІСБАЕВА саудагер:
-Менің қан қысымым бар. Алты айда бір анализ өткізуім керек. Оған уақыт болмайды. Енді міне, холестеринімді өткізіп алдым.Екі-үш күн сандалмайтын болдым.
Мейрамгүл Өрісбаева сынды емханаға сабылмай, уақытын үнемдеу үшін базардағы қауым жанталасуда. Бірі қан тапсырып, енді бірі жүрек қағысын өлшеп жатыр. Сондай-ақ, сатушылар ВИЧ, өкпе аурулары мен қатерлі ісікке тексеріліп, білікті дәрігерлерден кеңес те алды. Ақ халаттылардың айтуынша, жұқпалы аурулар көбінесе алыс-жақын шет елден келген еңбек мигранттарынан тарайды екен.
Әлия МАЗБАЕВА Алатау ауданының бас дәрігері:
-Бір акцияда екі-үш туберкулез шығады. Ол Қазақстанның басқа облыстарынан келген адамдардан шығады. Бір жылдың ішінде былтыр сегіз адам туберкулез деген күдікке ілінді.Оның ішінде екі адам өз мемлекеттеріне кетіп қалды. Қалғандары осы жерде емделді. Мигранттар дейміз ғой. Оларды флюрографиядан өткізіп жатырмыз.
Бір күнде сауда орнында 403 адам арнайы тексеруден өтті. Әзірге, жұқпалы аурудың белглілері қылаң бермепті. Есесіне созылмалы аурулар өршіп тұр. Бүгін осындай 55 науқас анықталыпты. Ал, онкопатологиялық тіркеуге 4 адам алынған.
-Бұл ауқымды шара екі күнге жалғасады. Ақ халаттылар тағы 4 ірі базарға арнайы барып, саудагерлердің денсаулықтарын толықтай тексеруді жоспарлап отыр. Себебі, нәпақа табамын деп уақытын базарда өткізетін саудагерлер ауруы асқынған кезде ғана дәрігерге қаралады екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!