Көкшетауда қала ішінде жол саламыз дегендер күлкіге қалды
Мердігер жолды кеңейтем деп, қақ ортада электр бағанасын қалдырып кеткен. Көлік жүргізушілері амалсыздан айналып өтіп жатыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
05.07.2018
Ғабдуллин көшесі биыл жаңадан жөнделіп, жұрт инфрақұрылым бір жаңарып қалды деп қуанып еді. Алайда, жолдың ортасында қақшиып бетон бағанның тұруы қуаныштарын су сепкендей басты. Белгілі болғандай бұл сол маңдағы станциямен жалғанған жоғары кернеулі электр бағанасы екен. Мердігер «Руслан» компаниясы алдымен осы кедергілерді реттеместен, жолды кеңейтіп, асфальттап тастаған. Жаңа жолды тапсыру уақыты онсыз да кешігіп жатыр. Әйтсе де, төселген қайта қопару керек дейді әбден сасқан әкімдіктегілер.
Мырзабек Мырзахметов, Көкшетау қаласы әкімінің кеңесшісі:
- Бүкіл көшені кеңейткен кезде бұны сол уақытта істеу керек тұғын.Ол былтыр тамыз-қыркүйек айларында істелінетін жұмыстар. Техника бар деп айтты,адамдарымыз бар деген еді. Бірақ,осы жұмыс басталғаннан кейін осындай түсініспеушіліктер пайда болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!