{metadescription}
Алматыда тағы 8  көше бір бағыттық болып өзгереді
Алматыда тағы 8  көше бір бағыттық болып өзгереді

Алматыда тағы 8 көше бір бағыттық болып өзгереді

Келесі айдан бастап Жамбыл, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай батыр көшелері, сондай-ақ  Гоголь, Мақатаев, Мұратбаев және Шәріпов көшелерімен көлік тек бір бағытта қатынай алады.

Мысалы Мақатаев көшесімен Қалдаяқовтан бастап Мұқановқа дейін батысқа,  Гоголь бойымен Әуезовтан Қалдаяқовқа дейін шығысқа қарай жүруге болады. Ал  Бөгенбай батыр көшесі Қалдаяқовтан Масанчиға дейін батыс, ал Қабанбай батыр Масанчидан Қалдаяқовқа шейін шығыс бағыттық болады. Қарасай батыр болса Масанчиден Розыбакиевке дейін батыс бағыттық болып ауыстырылады. Жамбыл көшесі арқылы көліктер Розыбакиевтен Масанчике дейін шығыс бағытта жүрсе, Мұратбаевпен  Райымбек даңғылынан бастап Шевченкоға дейін тек оңтүстік бағытта қатынайды. Ал Шәріпов Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін Солтүстік бақыттық болып өзгереді. Сондай-ақ Гоголь, Мақатаев, Қабанбай көшелерінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ салынады. Бұндай жаңашылдық Алматыда бесінші тамыздан бастап іске асады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде