{metadescription}
Алматыда күл үшін желді кінәлағандар жазаланды
Алматыда күл үшін желді кінәлағандар жазаланды

Алматыда күл үшін желді кінәлағандар жазаланды

Желдің жазығы жоқ екен! Алматыда тұрғын үйлерді басып қалған күл үшін желді кінәлағандар жазаланды. Жылу қазандығынан шығатын қалдыққа жауапты компанияның өзі міндетіне атүсті қараған боп шықты.

Жер көкті күл басып қалғанын электр станция қызметкерлері табиғаттан көрген болатын. Өздеріне шаң жуытпаған мекеме тұрғындардың ашуынан сескеніп, болған жайтты желге жаба салған. Алайда, экологтар тексерісінен кейін ол өтірігі ашылып қалды. Сөйтсе, электр стансасынан бейберекет ұшқан күлге қызметкерлердің салғырттығы себеп болған. Техникамен қалдық тасығандар оның үстіне су сеппеген екен. Сөйтіп, жел тұрғанда құрғақ күл төңірекке тараған. Естеріңізге салсақ, Алматыда ТЭЦ іргесіндегі 300-ге тарта тұрғын үйлерінің іші- сыртын күл басып қалғанын айтып, шу шығарған болатын. БАу-бақшаға дейін шаң басып, жұртты біраз әбігерге салған. Өзінің кінәсін желге аудара салмақ болғандар енді осы келтірген залалы үшін 900 мың теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде