Темекінің қымбаттауы саудагерлерді небір құйтырқылыққа итермелеуде
Қазақ-қытай шекарасындағы Алтынкөл бекетінен ірі көлемде темекі өнімін заңсыз алып өтпек контрабандалық топ ұсталды.
Автор: Әсем Лесбек
05.07.2018
Төсек жапқыштарға оралған әр қораптың салмағы 14 келі. Ресейден экспортталған 1440 осындай қорап Қытайға аттануы тиіс еді. Тексеру барысында олардың акциз маркалары жоқ екені анықталды. Салықтан жалтару үшін олар тауарды Кедендік одақ құрамындағы Қазақстанға аттандырып, әрі қарай жүк тасушылардың көмегімен Қытай асырмақ болған. Алайда әрі-бері сабылған олар кеденшілердің күдігіне бекер ілікпепті. Енді оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Айта кетейік, шілдеден бастап темекінің бір қорабы 20 теңгеге қымбаттаған. Шылымның құны 360 теңгеден басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!