{metadescription}
Ақмола облысында тура теміржол өткелінде көлік жанып кетті
Ақмола облысында тура теміржол өткелінде көлік жанып кетті

Ақмола облысында тура теміржол өткелінде көлік жанып кетті

Ақмола облысында  жүк көлігінің кесірінен жол апаты орын алды. Есіл ауданының Ақсай теміржол өткелінде автокөлік жүк пойызымен соғысқан. Салдарынан фураның түгі қалмай жанып кетті.

Бұл Ақсай ауылы маңындағы реттелмейтін теміржол өткелі болатын. «Ивеко» маркалы көліктің жүргізушісі «Тоқта»деген ескерту тақтайшасын көрмеген ұқсайды. Жүк пойызына жүріп келе жатып соғылған көліктің рөлінде 1972 жылы туған Игорь Невгад деген Украина азаматы болған. Бақытына қарай 46 жастағы Киев тұрғыны аман қалды. Ол соқтығысар сәтте секіріп үлгерген. Қазір Есіл аудандық ауруханасында жатыр. Апат шілденің 3-і күні болғанына қарамастан, оқиға болған жер әлі де шашылып жатыр. Тіпті, жанып кеткен көлік қаңқасы маңында балалар ойнап жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде