{metadescription}
Түркияда жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына не себеп?
Түркияда жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына не себеп?

Түркияда жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына не себеп?

Түркияның солтүстігінде пойыз  жолдан шығып, апатта опат болғандардың саны 24 ке жетті.  73- і түрлі дене жарақатын алған.  Пойыз Чорлу қаласының маңында аударылған.

Ыстамбұлға бағыт алған поездың ішінде 360 адам болған. Қас-қағымда қатерге тап болған жандарды құтқарушылар вагоннан шығарып, дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп жатыр. Кей дереккөздерде толассыз жауын рельсті шайып кеткен делінеді. Ал, түрік телеарналары қолайсыз ауа райынан опырылған көпір -апатқа тікелей түрткі болды деген болжам таратты.

Әзірге жағдайдың жай-жапсарын құзырлы органдар егжей-тегжейлі тексеріп жатыр. Ел президенті Реджеп Ердоған жапа шеккендердің туысқандарына көңіл айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде