{metadescription}
Ақтөбедегі Жұбанов университетінің ректоры жұмбақ саунаға  тексерушілерді де кіргізген жоқ
Ақтөбедегі Жұбанов университетінің ректоры жұмбақ саунаға  тексерушілерді де кіргізген жоқ

Ақтөбедегі Жұбанов университетінің ректоры жұмбақ саунаға тексерушілерді де кіргізген жоқ

Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте шу шығарған жұмысшылар ақшаларын алып қарық болды. Ең  қызығы еңбекақыларын даулап барған оларды ректор танымаймын деп оқу ғимаратына жолатпай қойған еді.

Ақыры университеттің жатақханасын жөндеуге тендер ұтып алған компанияның есеп шотына қосымша ақша аударған. Он ай бойы келісім-шарттың жоқтығынан ақыларын ала алмаған жиырмаға жуық жұмысшы енді сол серіктестіктен жалақыларын алыпты. Ал олар жөндеген саунаның есігі әлі күнге жабық тұр. Бұған дейін ректор Бауыржан Ердембеков мұнда сауна атымен жоқ деп байбалам салған еді. Сөйтсе,  жуынатын орын бұрын спортшылар үшін сауықтыру орталығының жанынан ашылған болып шықты. Оны соңғы бес жылда ешкім қолданбаған. Ал басшылардың оны жасырын жөндеп алып, пайдаланып жүргенін ақшасын даулаған құрылысшылар жайып салған еді. Ең қызығы бір апта өтсе де сол саунаға ешкімді ректор жолатар емес. Тіпті, тексеруге келген мониторингтік топ өкілдері де көре алмай кетті.

Жанна Әбділдаева, Қ.Жұбанов атындағы өңіраралық университетінің орталық жетекшісі:

-Бұл ғимаратың жертөлесінде спорт жаттығуларынан кейін жууынуға арналған сауна 1999 жылы салынған. Соңғы бес жылда бұл бөлмелер зат қоймасы ретінде қолданыста...

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде