{metadescription}
Алматы облысында үш әйелді ажал құштырған қаскөй ұзақ мерзімге сотталды
Алматы облысында үш әйелді ажал құштырған қаскөй ұзақ мерзімге сотталды

Алматы облысында үш әйелді ажал құштырған қаскөй ұзақ мерзімге сотталды

Тоқсандағы қарияны мүгедек қызы мен немересін асқан қатігездікпен өлтірді делінген Ілияс Қасеновты сот кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Десе де, мұндай жазамен марқұмдардың туыстары келісіп отырған жоқ. Жақындарының жантүршігерлік өлімі үшін олар оны өмірбақи темір торға тоғытуды сұрайды. Өйткені, қылмыскер о баста айтқандай, «махаббат» үшін емес, үйлеріндегі азғантай алтынға қызығып, үш адамды пышақтаған деген пікірде.  

Үш адамды  баудай қырған қаскөй сотта марқұмдардың өздерін кінәлаған. Айтуынша, сол күні үйлеріне құда түсіп барыпты. Алайда, анасы мен әжесі қызын бермеген соң, өзінше кек алған.     

-Тазагүл Лақбаева мен Дания Лақбаева оның ар-намысына тиетін сөздерді, яғни оның оқымаған, жетім екенін айтқан. Сол сөздер оның намысына қатты тигендіктен, ол барлығын өлтіруді ойлап, ас үйдегі үстелдің үстінде жатқан пышақты алып, сол пышақпен бірінші Тазагүл Лақбаеваның мойын тұсына ұрған, сол кезде Дания Лақбаева мен Бекзат Лақбай оған қарай жүгірген. Ол көзін жұмып алып, алдынан келгендерге пышақты сала берген. Бірақ пышақтың кімнің, қай жеріне тигенін көрмеген. Бір кезде басын көтеріп қарағанда, үшеуінің еденде қаңсырап жатқанын көрген. Ол пышақты алып, үйден шығып кеткен.

 «Сезімнің жетегінде қылмысқа бардым» деген жігітке судья прокурор сұрағандай ең жоғары жазаны емес, 20 жыл кесіпті. Десе де, сотта көз жасын көлдеткен Қасенов өзінің ғашығын да аямаған. Қызды ол жеті жерден тілгілепті. Ал 88 жастағы әжені жүрегінен, ал жүре алмайтын анасының күре тамырын осып жіберіпті.

Темір Лақбаев, жәбірленуші:

- Пышақты сол үйден алған. Өз-өзін пышақтаған одан кейін. Өз-өзін пышақтап, құлағын кесіп, денесін жарақаттап, 7-8 жерден өзіне жарақат салған.

Осылайша күдікті өзінің денесін жарақаттап, тергеуді әбден шатастырмақ болған екен. Ал пышақты айдалаға лақтырып жіберіпті. Алайда, басты айғақ табылған соң өз құлағын өзі кескенін мойындауға мәжбүр болған.

Темір Лақбаев, марқұмдардың туысы:

- Бірден 3 адамды өлтіргеннен кейін ол келесі жолы 5-10 адамды өлтіруден  шімірікпейді.. Мен оның қасында бір бөлмеде отырдым ғой сотта. Ешқандай қайғыру, өкініш, ештеңе жоқ. Он саусақтың онында бір-бір сақинадан болу керек еді шешемде. Сол 70-60 мыңның маңайындағы білезіктер. Бірақ соның бірінде біз таба алмадық.

Қайғыдан қан жылаған Лақбаевтар әулеті қандықол қарақшының туыстарын осы алтын үшін өлтіргеніне сенімді. Сорақысы сол,   қылмыскердің айтуына қарағанда, ол кетерде үшеуі де тірі жатқан екен. Бірақ, күдікті қаңсыраған күйі тастап кеткен. Ал мәйіттер екі күн өткенде барып табылған.  Марқұм әжейдің соңында 10 баласы мен немере-шөбересі қалған екен. Осыншама адамды қан жылатқан қаскөй кешірімге ілігіп кетеді деп күдіктенген отбасы Жоғары сотқа арыз түсіріп, өмір бақи бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.