Қырғызстанда таулы аймақта қалып қойған туристерді қазақ құтқарушылары алып шықты
Қырғызстанда Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, ішіндегі 15 адамды қазақстандық құтқарушылар қауіпсіз жерге жеткізді. Әуе техникасы Ыстықкөлдің таулы аймақтарында қалып қойған. Ішінде 9 саяхатшы Жапония мен Польша азаматтары екен. Қалғандары 4 экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері. Оған ең жақын жер Алматы облысы Боралдай кентінен 4 құтқарушы мінген ұшақ көмекке аттанған болатын.
Автор: Ербол Тұрымбет
09.07.2018
Апатты жағдай Қырғызстанның Қытаймен шектесетін тұсы, «Хан Тәңірі» шыңына жақын жерде 4 мың метр биіктікте болған. Тікұшақ жоғалған туристерді іздеп тауып жерге қонар сәтте желдің әсерінен бір жағына қарай ауып кеткен. Салдарынан үш адам зардап шекті. Сондықтан қиын жағдайға қалған Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі біздің құтқарушылардан көмек сұрапты. Ал тапсырманы ойдағыдай орындаған қазақ сарбаздары түс қайта елге оралып үлгерді.
Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:
-Премьер-министрмен келісіп, ол жаққа «Қазаивақұтқару» АҚ-ның Ми-171 тікұшағын жібердік. Біздегі мәлімет бойынша, түстен кейін сағат үш жарымда альпинистер мұздықтан түсіріліп, Қазақстанның жақын маңдағы елдімекендеріне жеткізілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!