{metadescription}
Елімізде соңғы 7 айда 137 адам суға батып кеткен
Елімізде соңғы 7 айда 137 адам суға батып кеткен

Елімізде соңғы 7 айда 137 адам суға батып кеткен

Елімізде суға кетіп қаза тапқандардың саны артып барады. Осы демалыстың өзінде ел аумағындағы өзен көлдерде 20 адам көз жұмды. Қайғылы жағдайдың көбі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Астана қаласында болды.

Сондықтан құтқарушылар  осылай рейд жүргізіп, оқыс жағдайдың алдын алуының кемі жоқ. Өйткені суға батқандардың түгелі дерлік шомылуға тыйым салынған жерде ажал құшқан. Бірақ, бұған қарамастан Есілдің жағасына жатып, салқындап алғысы келетіндер көп. Өйткені, Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық. Ал жаз маусымы басталғалы еліміз бойынша 137 адам суға батып өлген.  Оның 53-і  бала.  Жағада қызық қуған  ата-анасын  ұл-қызын көп жағдайда қараусыз қалдырады.  Бұдан қалды, ішімдік ішіп суға сүңгитіндер де көп.

ЭЛЬДОР РАЙЫМБЕКОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

-Көбі ішімдік ішіп алған. Біз өз құқығымызды білеміз, біз осы жерде малтаймыз деп өзімізге қарсы шығады. Біздің құтқарушыларға ауыр сөздер де айтады шыны керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.