Елімізде тұңғыш әлеуметтік радио пайда болды
Тұңғыш президент қорының ұйымдастырумен құрылған «сектор Х» радиосы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.
Автор: Әсем Лесбек
10.07.2018
ФМ толқында емес, интернет арқылы хабар тарататын радиода қазіргі заманның түрлі әлеуметтік проблемалары қозғалмақ. Оған қатысатын мамандар мүмкіндігі шектеулі жандарға пайдалы кеңестерін айтып, тәжірбиелерімен бөліседі. Сондай-ақ елдегі жарымжандарға қатысты жаңалықтар мен қызықты шаралар туралы ақпарат таратып отырмақ. Ал бағдарламаларды көру қабілеті нашар, бірақ кәсіби журналистер жүргізбек. Елімізде 652 мыңнан астам мүгедек бар. Бұл көрсеткіш Тұңғыш Президент қорының оларға арнап ақпарат құралын эфирге шығаруға түрткі болған.
Жазира Манатбекқызы, «Сектор Х» радиосының тілшісі:
-Бұл біріншіден жұмыссыздықты жою. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар қайда барып жұмыс істеуге болады, қалай? Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарды қонаққа шақырып сол кісілердің кеңесімен жұмыссыздықты жоямыз жеп ойлаймыз. 2323 біздің радио екі тілде жүргізіледі, екі форматта. Бұл 50/50 форматы. Өйткені тыңдармандардың қалауы әр түрлі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!