{metadescription}
Көкшетауда науқасқа асығып бара жатқан жедел жәрдем жүргізушісіне айыппұл салынды
Көкшетауда науқасқа асығып бара жатқан жедел жәрдем жүргізушісіне айыппұл салынды

Көкшетауда науқасқа асығып бара жатқан жедел жәрдем жүргізушісіне айыппұл салынды

Көкшетауда 1 жасар балаға көмекке асыққан жедел жәрдемнің өзіне жәрдем қажет болды. Қала ішінде басқа көлікпен соқтығысқан дәрігерлер көлігі жолдан шығып, тұмсығымен арыққа түсіп кеткен.

Оқиға кеше кешқұрым болған. Дабыл қаққышын қосқан жедел жәрдем бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпек болған сәтте, ВАЗ көлігіне соғылады. Соққының күштілігінен жолдан тайып, арыққа түсіп кеткен. Ал екінші көлік қарсы бетте тоқтап тұрған Toyotaға соғылып тоқтаған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Полицейлер жедел жәрдем көлігінің 62 жастағы жүргізушісіне жол тәртібін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Медицина мекемесіндегілер болса, дәрігерлердің тыныс алуы қиындап, тұншыққан сәбиге көмекке асығып бара жатқан еді деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.