{metadescription}
Таиландта үңгірде қалып қойған балалар тегіс  құтқарылды
Таиландта үңгірде қалып қойған балалар тегіс  құтқарылды

Таиландта үңгірде қалып қойған балалар тегіс құтқарылды

Таиландта үңгір «тұтқынына» түскендердің барлығы құтқарылды. Іште қалған 12 ші бүлдіршін мен жаттықтырушы жарыққа шықты.

Олар Кхао Луангта 23 ші маусымда жоғалған еді. Жеті шақырымдық үңгірге кіріп, аяқ асты су басқаннан сыртпен байланыстары үзілген.  Іздеу шаралары он күнге жалғасты. Араға бір жарым апта салғаннан кейін ғана олардың орналасқан жерін британдық екі дайвер анықтады. Жер асты қақпанына түскендер жаңбыр суынан қорғану үшін үңгірдің қуыс-қалтарыстарында бас сауғалаған екен. Бәрі де тірі. Тек ашығып және шөлден қаталағаннан қатты әлсіреген. Қазір  олардың бәрі Чианграй ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауына алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде