Ақтөбеде өртенген базар әкімшілігі саудагерлерге шығын келген жоқ деп отыр
Ақтөбеде орталық базар өртенді. Саудагерлерге келген шығын жоқ. Өйткені, от базар басшылары отыратын ғимаратта тұтанып, жоғарғы қабаттың түгін қалдырмаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
10.07.2018
Бұл күні базарда санитарлық тазалық жарияланып, жабық болған еді. Тек әкімшіліктегілер ғана жұмысқа шыққан. Өрт алған аумақ екі жүз шаршы метрге жетеді. Базар басшыларының жиналыс өткізетін мәжіліс залы мен кеңседегі 4 бөлменің түгі қалмады. Ондағы құжаттар да жанып кетіпті. Айта кетелік, осыдан бір ай бұрын төтенше жағдайлар жөніндегі департамент осы базарды өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін жауып тастамақ болған еді. Ол кезде саудагерлер наразылық ретінде көлік қозғалысын тоқтатқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!