Алматыға таудағы 8 көлден қауіп төніп тұр
Мамандар тасуы мүмкін деген айдындардағы су деңгейін азайту үшін басқа бөгеттерге ағызуға кірісті.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
10.07.2018
Күннің ысуынан мұздықтар тез еріп жатыр. Апатты болдырмас үшін «Қазселденқорғау» мекемесі арнайы аппараттардың көмегімен су деңгейін азайтуға кірісті. Ең алдымен №3 көлдегі суды басқасына қарай ағызып, оның деңгейін 3 метрге төмендетіпті. Оны жүзеге асыру үшін 4 көлде диаметрі 315 милиметр болатын сифон құбырлар орнатылған. Ондағы суды ағызу жұмыстары қыркүйек, қазан айларына дейін жалғаса бермек. Өйткені, көл арнасынан мұздықтардың еруі толық аяқталғанға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі. 8 көлдегі судың жалпы көлемі 1 жарым миллион текше метрден асады. Алдын алу жұмыстарына республикалық бюджеттен 46 млн. теңге қаржы бөлінген.
Ерлан ӘЛІБЕКОВ Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары:
-Эвакуациалық арналарды тазартамыз. Сол арқылы суды төменге қарай түсіреміз. 8 бекетке тағы 13 кезеңдік бекет ашылып отыр. Бекеттер модульлдік үйлермен қамтамасыз етіледі. Мореналық көлдер тәулік бойы бақылауда болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!