Сағынтаев жатақхана құрылысын кешеуілдеткен әкімдердің шаңын қақты
Әкімдер жатақхана салу ісіне салғырт қараған. Премьер-министр Елбасының «студенттерді тегіс баспанамен қамтыңдар» деген тапсырмасына жүрдім-бардым қараған аймақ басшыларына ескерту жасады.
Автор: Жәудір Оразхан
10.07.2018
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:
-Қажетті қаржының бәрі берілген. Жұмыстың бәрі атқарылды деп отырсыздар. Жатақхана мәселесіне келетін болсақ, бұл Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының ішінде бар. Жалпы, 8 ғана өңірде жатақхана салынған. Басқа өңірлер тым-тырыс.
Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды, Батыс , Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалалары ғана студенттерге арнап үй салуға кіріскен. Өзге өңірлер бар ақшаны ұқсата алмай отыр. Мәселен, Шымкент қаласында 99 мыңнан астам студент білім алады екен. Оның 30 мыңнан астамына жатақхана жетпейді. Ал екі айдан кейін жаңа оқу жылы басталатынын ескерсек, білім аламын деп ауылдардан ірі қалаларға келген жастар тағы тентіреп қалғалы тұр. Себебі, аймақ басшылары студенттер үйіне деп енді жер бөліп, оның сметасын бекітіп жатыр. Ал президент жыл басында Үкіметке студенттерді тегіс жатақханамен қамтуға пәрмен берген еді. Еліміз бойынша 75 мың орындық жатақхана салынуы тиіс. Оған бюджеттен 180 миллиард теңге қаралған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!