{metadescription}
0:000:00
Ақтауда қызметкеріне ыдыс-аяқ лақтырған  интернат директоры қызметінде қалды

Ақтауда қызметкеріне ыдыс-аяқ лақтырған интернат директоры қызметінде қалды

Долданған директор «қатаң сөгіспен» құтылды. Ақтауда мүгедек балаларға арналған интернат директоры мен қызметкер арасындағы дау шешіліп, мекеме басшысына тәртіптік жаза қолданылды. Алайда, Шаттыгүл Қаракүшікова жарты жыл ішінде тағы мінез көрсетсе жұмысынан қуылуы мүмкін.

Мәншүк Тілеуқұлова, Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшісінің орынбасары:

-Даудың туындауына директор Қаракүшікова мен бала күтуші Аманова арасында бұрыннан жалғасып келе жатқан кикілжіңнің  себеп болғаны анықталды. Орталық директоры Қаракүшікова өзіне жүктелген лауазымды міндеттерді талап еткен. Алайда, директор тарапынан басшыға тән емес, моральдық нормалар аясынан шығатын дөрекілікке орын берілген.

Естеріңізге салсақ, психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған интернат директоры қолына іліккен ыдыс-аяқты лақтырып, қызметкерлерін тәртіпке салып жатқан сәті әлеуметтік желіде жарияланған еді. Тіпті, басшысының шектен шыққан әрекетін камераға түсірген Эльмира Аманова, директордың қарамағындағыларға күн көрсетпейтінін айтқан болатын. Осыдан кейін қызметінен уақытша шеттетілген Шаттыгүл Қаракүшіковаға лауазымдық міндетін дұрыс атқармады, ұжымда моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырмады деген кінә тағылып, қатаң сөгіс берілді. Ал, бала күтуші Амановаға да мекемеде санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық-гигениялық талаптарды сақтамағаны үшін шара қолдану ұсынылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде