{metadescription}
Тасқын Жапонияны астаң-кестең етті
Тасқын Жапонияны астаң-кестең етті

Тасқын Жапонияны астаң-кестең етті

Жапонияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 180 адамға жетті.  50-ден астамы із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Қызыл су шайып кеткен аудандарда құтқару операциясы жалғасуда. Тасқыннан темір жол мен трассалар бүлініп, көпірлер қираған. Ең көп зардап шеккендер Хиросима мен Окаямада тіркелген. Табиғат апатынан 18 мың үйге зақым келген. Ал елдің премьер-министрі Синдзо Абэ, Франция мен Бельгияға сапарын кейінге қалдырып, апат болған аудандарды аралауға кіріскен. Ол тұрғындарға тез арада баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшуді бұйырды. Сондай-ақ зардап шеккендерге 630 миллион доллар бөліпті. Айта кетейік, Жапонияда  өткен аптада басталған жауын әлі толастар емес. Синоптиктер де алдағы уақытта қайтадан жаңбыр жаууы мүмкін екенін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.