{metadescription}
Пекин мен Вашингтон арасындағы тартыс несімен қауіпті?
Пекин мен Вашингтон арасындағы тартыс несімен қауіпті?

Пекин мен Вашингтон арасындағы тартыс несімен қауіпті?

Жаһандық сауда соғысы тағы ушықты. АҚШ билігі 200 миллард долларға тең Қытай тауарларына қосымша баж салығын салуға әзір отыр. Ақ үй бұл қадамын ресми Бейжіңнің америкалық импорт тауарларға енгізген қарымта баж салығына жауап деп түсіндірді.

Алайда, екі держава арасындағы сауда соғысы өткен аптадағы Дональд Трамптың жарлығынан соң шарықтау шегіне жеткен еді. Сол кезде Ақ үй басшылығы құны 34 миллард долларға бағаланған қытайлық 800-ден астам тауар түріне 25 пайыздық баж салығын енгізді. Бірақ, Трамптың әрекетіне қарсылық ретінде Қытай үкіметі сол күні-ақ Америкадан ағылатын тауарларға тура 25 пайыздық баж салығын салып тастады. Ал, Ақ үйдің қосымша қитұрқы әрекеті тағы да жауапсыз қалмауы мүмкін дейді сарпшылар. Айта кетейік, АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестен өзге елдердің экономикасы да орасан зор зардап шегеді. Мәселен, бұл санкцияның салқыны Германияны айналып өтпейтін түрі бар. Себебі, Америкада құрастырылатын неміс көліктері көп көлемде Қытайға экспортталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.