Теміртауды тағы түтін басты
Осы Қарағанды облысындағы Теміртауда қоқыс қалдықтарын сұрыптайтын қоймадан өрт шықты. Апаттың кесірінен қою қара түтін бүкіл шаһарды басып қалған. Онсыз да экологиясы нашар қаланың тұрғындары қолқаны қабатын иістен дем ала алмай қалғандарын айтады.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
11.07.2018
Бұл иіс сығымдалып, жөнелтуге дайындап қойған пластик ыдыстар мен макулатураның жануынан шыққан екен. Қоймада осындай 6 контейнер өртеніпті. Сонымен қатар алдында тұрған екі автокөлік пен ғимаратты да қызыл жалын шарпыған. 400 шаршы метрге жайылған өрттің қатты болғаны сонша, жұрт алғашқыда сол маңдағы жылу электр стансасы отқа оранды ма деп ойлапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!