{metadescription}
Балқашта жанармай бекеті отқа оранды
Жұрттың үрейін ұшырған қауіпті өртті құтқарушылар бір сағатта әрең дегенде өшірді. Болжам бойынша, АИ-92 маркалы жанармай төгілген. Жалаңдаған өрт бекет пен сұйық отын сақтаулы тұрған колонкаларды лезде шарпып әкетті. Оператор отыратын кеңсенің де түгі қалмай өртенген. Абырой болғанда, жарылыс болған жоқ. Отқа орынған аса қауіпті нысанды құтқарушылар жабылып жүріп, бір сағатта әрең дегенде өшірді.
Автор: Аруна Ортай
11.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!