Аслан Мусиннің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды
Латвияның тәртіп сақшылары одан әрі тергеуді жалғастырмайтынын мәлімдеген.
Автор: Жаңалық Ахаш
11.07.2018
Осыдан жеті ай бұрын елге танымал саяси қайраткердің ұлы Асылбек Мусиннің өлі денесі өз үйінің ауласынан табылған еді. Ол он бесінші қабаттан серікіріп өлген. Рига полициясы Асылбектің өліміне ешкімнің қатысы жоқ және өзіне қол салған деген тоқтамға келіпті. Мұны елдегі сыртқы істер министрлігі де растады. Былтыр ғана зейнеркерлікке шығып, елшілік қызметінен босаған Аслан Мусин, ұлының қырық күндік садақасынан соң видео үндеу жариялады. Ол ұлының ислам діні тақырыбына жазған мұраларын жинап, кітап шығарып және фильм түсіріп жатқанын мәлімдеген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!