{metadescription}
Отандық туристер қайда демалғанды қалайды?
Отандық туристер қайда демалғанды қалайды?

Отандық туристер қайда демалғанды қалайды?

Расымен де елімізде қыста да, жазда да демелатын көрікті жерлер көп. Дегенмен туризм саласының мамандары берген ақпаратқа сенсек, жаз келгелі шетелге асыққан отандастарымыздың саны екі есеге артқан.

Қаланың қым-қуыт тіршілігінен шаршаған халық шетелде тынығуды жөн санайды. Биыл саяхатшылардың көбі Мысыр елін таңдаған. Оның негізгі себебі қолжетімді баға. Себебі, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай пирамидалар елі қыдырып келген туристер үшін барлық қолайлы жағдай жасап қойған. Ал, туристерді сақтандыру қорының есептеуінше өзге елдегі демалудың құны мынадай.

Рауан ЕСҚАЛИ «Туристік Қамқор» қорының менеджері:

-Орташа есеппен алғанда шетелде ең қымбат бағыттар белгілі. Ол Еуропа. Мальдив аралдары баға әр кез 1000-3000 доллар болады. Түркияда орташа баға 500 доллар. Ал, Египетке 300 долларға, 500 долларға емін-еркін кетіп қалуға болады.

Сосын үйреншікті Түркия, БАӘ, Грузия және Қытай еліне аттанғандар көп. Мәселен, жаздың алғашқы айының өзінде 200 мың азамат осы мемлекеттерге жолдама алған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Сондай-ақ, әлемдік теңбіл доп додасы Ресейге деген сұранысты арттырыпты.

«Бағасына қарай сапасы» деген тағы бір тұсы бар. Жыл сайын арзанға алданып, сан соғып қалған туристердің 20 пайызы жергілікті тынығу орындарын таңдаған. Мамандардың айтуынша, алаяқ агенттіктердің көбеюі еліміздегі шипажайлар мен демалыс орындарының тамырына қан жүгіртеді.

Анна ЗАГОРУЙКО туристік агенттіктің директоры:

-Халық еліміздегі демалыс орындарына көптеп баратын болған. Олардың саны 30 000 адамға көбейді. Бұл бұрынғымен салыстырғанда жақсы көрсеткіш.Өйткені, алаяқ туристік агенттіктерден қорқып қалған азаматтар шекара аспай, осындай қадамға барады.

Дегенмен бұл еліміздегі демалыс орындарына турфирма арқылы жолдама алғандардың саны ғана. Ал өз беттерінше, делдалсыз демалуға аттанғандар саны, әрине белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.