Алматының алмасын польшалық өнім алмастыра ала ма?
Орталық Еуропадағы осы елден бау-бақша өнімдерін импорттау жағынан Қазақстан Белорусьтан кейін екінші орынға шыққан. Поляк агрономдары соңғы кездері қазақ нарығына жеміспен бірге оның көшетін тасымалдаушылардың көбейгенін айтады. Әлемде алма экспорттауда Қытай және АҚШ-ты өкшелеп келе жатқан елдің диқандары бір гектар жерден қалай 80 мың тонна өнім жинайды?
Автор: Жазира Бегалы
12.07.2018
Варшавадан 30 шақырым жердегі Груец қаласы алма бақтардың отанына ұқсайды. Осы өңірге әйгілі агроном Ян Ковач бірнеше жылдан бері осы кәсіпті жан-жақты зерттеген, алма өсірудің ебін тапқан бағбан. Ол баптаған бойы аласа, жапырақтары өте сирек ағаштардан жиналған жемістер әлемнің бірнеше еліне жөнелтіледі.
-Поляктар мына бір ғана ағаштан 25-30 келі жеміс жинайды. Ең қызығы бағбандар ағашқа өрмелеп,алма термейді. Қараңыздар, бұтағынан гөрі алмасы көп.
ЯН КОВАЧ Алма өсіретін компания директоры: (Польша)
-Егер өссе, біз кесіп тастаймыз. 50 жыл бұрын біздің алма ағаштарымыз өте алып, өнімі мардымсыз болды. Қазір технология мүлде басқа. Күн сайын 4 адам екі гектар жердегі ағаш бұтақтарын кеседі, қадағалайды. Әсіресе көктем мен жазда бұтақтар мен жапырақтардың жайқалып өсуіне жол бермейміз.
Поляк бағбандары жемістерге күн сәулесінің түсуін , тамшылап суғару, тыңайтқыштарды жапырақтарға бүркіп-шашу, көшетті егу кезінде барлық талаптарды барынша мұқият орындауға ерекше көңіл бөледі. Күзгі жиын-терімде Ян Ковач бір гектар жерден 80 тонна өнім жинайды. Оның алқызыл алмалары Италия, Испания және Қазақстан нарығына жол тартады.
ЯН КОВАЧ Алма өсіретін компания директоры: (Польша)
-Қазір Қазақстанда алма жоқ дейді және сұраныс өте жоғары. Күніне 2 машина ,40 тонна жемісті сұрыптап, біреуін Қазақстанға жөнелтеміз. Мына алмаларды Қарағандыға жібереміз. Биыл қазақ жеріне алма көшеті көп экспортталды.
Поляк бағбандары жыл сайын алма өсірудің технологиясын жетілдіріп отырады. Қазір таңда Польша әлемнің 75 еліне алмасын тасымалдайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!