Петропавлда сұмдық апаттан көз жұмған танымал блогер жерленді
12.07.2018
Ойын көреміз деп опат болды. Қазақстандық жас блогер Сұңқар Килаж әлем чемпионатына барар жолда отбасымен бірге қаза тапты. Қайғылы оқиға Ресейдегі Мәскеу-Челябі тас жолында болған.
Олар мінген жеңіл машинаның жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан көлік отқа оранды. Жалын шарпыған темір тұлпардан жолаушылары шыға алмай, тірідей жанып кетті. Сұңқар Килаж және оның әкесі мен немере ағасының мәйіттері Петропавлға жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды. Айта кетейік, әлеуметтік желіде Stence лақап атымен танымал блогер, түрлі компьютерлік онлайн-ойындарға видеошолулар жасап, әрі Stence page әзіл-сықақ паблигін де жүргізген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!