Ақтөбеге ағылшын тілін оқытуға келген нигериялық азамат қаңғып қалды
Оны шақырған компания қызметінен бас тартып, жолына көк тиын ұстатпаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
12.07.2018
34 жастағы Манаси Огарайо қазір вокзал маңындағы хостелде тегін тұрып жатыр. Шойын жол бойында аш-жалаңаш отырған оны ақтөбеліктер көріп, осында жеткізген. Енді еліне жетуді армандап жүр. Өйткені, екі ай бойы Ақтөбеде жүргенде әкесі қайтыс болып, жалғыз қарындасы ауырып қалыпты. Онымен қоса туристік визамен келгендіктен, елде болуға рұқсат берген мерізімі өтіп кеткен. Сондықтан сот оны көші-қон заңын бұзғаны үшін Қазақстаннан депортациялауға шешім шықты. Ал кетуге қалтасында бір тиыны да жоқ. Тәртіп сақшылары демалыс күні оны Алматыға жеткізуге уәде беріпті.
Манаси Огарайо, Нигерия азаматы:
-Қазір бар арманым еліме жету. Шілденің 15-і күні Алматыға барамын. Одан соң Стамбул арқылы ұшып, Нигерияға жөнелтеміз деген. Полицейлер көмек береміз деп отыр. Аш қалдырмай, жатар орын берген жомарт жандарға алғысым шексіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!