Әлемде мұнай арзандай бастады
Қара алтынның құны құлдырауымен теңгеден де тұрлау кетті. KASE қор биржасы сессиясының қорытындысы бойынша бір доллар 344 теңге, 26 тиынға тең.
Автор: Асқарбек Қазанғап
12.07.2018
Оған Brent маркалы мұнай бағасының 5 пайызға арзандап кетуі тікелей түрткі. Қазір нарықта мұнайдың бір баррелі 74 доллар 50 центтен сатылып жатыр. Сарапшылар арзандаудың астарын былай түсіндіреді. АҚШ Иран мұнайына қатысты санкцияны алады деген сыбыс шықты. Бұл бір. Екінші, алпауыт елдер арасында сауда-саттық соғысы басталуы мүмкін. Мәселен Қытай мен Америка бір-біріне миллирдтаған доллардың тауарына баж салығын көтеріп тастаған. Осылайша, мұнай нарығындағы құбылудың қай жарға әкеліп соғарын мамандардың өзі дөп басып айта алмай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!