{metadescription}
Астанада мұнайды майшелпекке айналдырған шенеунік сотталды
Астанада мұнайды майшелпекке айналдырған шенеунік сотталды

Астанада мұнайды майшелпекке айналдырған шенеунік сотталды

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің бұрынғы басшысы Базарбай Нұрабаев 7 жарым жылға сотталды. Қызмет бабын асыра пайдаланып, пара алғаны үшін  ол, осындай жаза алып отыр.

Нұрабаев былтыр наурыз айында пара алу сәтінде ұсталған еді.Тергеушілердің мәліметіне сүйенсек,  ол Ақтөбе облысы аумағындағы 22 мұнай ұңғымасының көзін жою немесе оларды консервациялау жұмыстарына тендер ойнатып, орынбасары екеуі бір компанияға ұттырып берген. Сонысы үшін 10 мың долларды қалтаға басыпты. Одан бөлек, қымбат көлік пен жылқы еті түрінде де пара алған деген ақпарат тараған болатын. Бірақ, бұл әңгімелердің Нұрабаевқа қатысы жоқ екен. Алайда, тергеу барысында бұғатталған баласы мен қызына тиесілі қымбат пәтерлер мен көліктері , сондай-ақ, жер телімі өздерінде қалатын болды.

Асхат Әшірбеков, Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

-Базарбай Нұрабаевтың отбасы, талай жылғы еңбегі, мемлекеттік марапаттары ескеріліп, жасаған қылмыстарына қарастырылған жазаның төменгі мөлшері қолданылып отыр. Сонымен қатар, сот дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты байланысты Нұрабаевты  2  бірдей қылмыстық жазадан ақтауға үкім етті

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.